
Жаңалықтар
Мектептерде жасанды интеллект технологиялары енгізіле бастады
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтың айтуынша, 2024-2025 жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары енгізіле бастады. Бұл бастама Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп әзірленген арнайы тұжырымдама негізінде жүзеге асырылуда. ЖИ оқу процесінің барлық деңгейінде қосымша білім беру құралы ретінде пайдаланылады.
«200 мыңға жуық педагог дайындалды. Олар бүгінде дәріс беріп жүр. Жасанды интеллект оқудың сапасына, оның жан-жақты игерілуіне көмектесетін құрал. Педагогтің негізгі рөлі қалады. ЖИ ешқашан педагогті алмастыра алмайды», – деді Қаныбек Жұмашев.
Оның айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап «Информатика» пәні «Информатика және жасанды интеллект» деп аталады.