Мектептегі КИІМ ҮЛГІСІ
немесе зайырлылыққа діннің көзқарасы қандай?
Бірыңғай мектеп формасының қоғам үшін талқыдағы тақырыпқа айналғаны дәл бүгін емес. ҚР Білім және ғылым министрлігі шығарған №26 бұйрықтан кейін бұл тақырып төңірегіндегі дау тіптен үдей түсті. Себебі, аталған бұйрықтың 2.13-тармағында мектеп формасына қандай да бір дінге қатысты киім элементтерін қосуға жол берілмейтіндігі айтылған. «Мінбердің» бүгінгі тақырыбы осы мәселеге арналып отыр.
1. — Бірыңғай мектеп формасы тақырыбының даулы мәселеге айналуының себебі неде?
2. — Ортақ форма мәселесіне көзқарасыңыз қандай?
Мұхитдин ИСАҰЛЫ,
теология ғылымының докторы, исламтанушы:
«Білім алу – ең үлкен парыз»
1. — Білім алу – исламның ең басты құндылығы. Сол себепті, Құранның ең алғашқы аяты «Оқы! Жаратқан Алланың атымен оқы!» деп түсті. Алланың бұл жерде «Оқы!» деп отырғаны қай кітап? Бұл – екі кітап.
Бірі – Құран, ал екіншісі – жаратылыс кітабы. Жаратылыс ілімінен хабары жоқ адам Құранды дұрыс түсіне алмайды. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп қабырғасында оқытылатын химия, математика, биология және тағы басқа пәндердің барлығы дүниенің құдіретін тануға жол ашады.
2. — Мектеп – киелі орын. Бүгінгі таңда мектептің киім формасы «хиджабқа» сәйкес келмейді деп, бүлдіршін сәби баланы Алланың ең маңызды парыз еткен ілімінен айыруға болмайды. Баланы мектепке жібермей «жаһил» ету, яғни қараңғы, надан ету – ең үлкен күнә. Ілім алмаған ұрпақтан күні ертең «жаһил», қараңғы қоғам шығады. Біз осыны мықтап түсініп алуымыз қажет.
Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.