Жарнама
Жаңалықтар

Мектепте буллингпен күрестің жаңа әдісі енгізіледі

Оқу-ағарту министрлігі мектептегі буллинг, яғни, баланы жәбірлеуге қарсы күрес шараларын әзірлеуде.

Бұл туралы ҚР  Оқу-ағарту министрлігі балалар құқығын қорғау бойынша комитет төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан Атырауда өткен Білім беру саласындағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру тақырыбындағы тамыз кеңесінде айтты.

Спикердің айтуынша, халықаралық тәжірибені зерделеу барысында Финляндияда қабылданған KiVa бағдарламасының нәтижесінде балалар буллингінің көрсеткіштері 4 есе төмендегені анықталды. Бұл тәжірибе зерделеніп, еліміздің білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып енгізілетін болады.

«Осы жаңалықтардың нәтижесінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтар, қатыгездік азайып, «тәуекел тобындағы» отбасылардың әл-ауқаты артады деп күтіледі», — деді ҚР  Оқу-ағарту министрлігі балалар құқығын қорғау бойынша комитет төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.

Нұргүл НАСЫР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button