Жарнама
Жаңалықтар

“Мектепке жол”: еріктілер Құлсарыдағы балаларға мектеп сөмкелерін таратты

Атырау облысында әлеуметтік осал топтағы отбасыларды қолдауға бағытталған “Мектепке жол” акциясы жалғасуда, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа оқу жылының қарсаңында “WEN” еріктілер ұйымының мүшелері мен “Жүректен жүрекке” қайырымдылық қоры су тасқыны кезінде зардап шеккен балаларға арнап 150 сөмке мен мектеп құралдарын сатып алды.

Айта кетейік, “WEN” еріктілер тобы жыл сайын Атырау қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін мектеп құралдарымен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар белсенділер де мереке сайын балаларды түрлі сыйлықтармен қуантады.

Осыған дейін “Жүректен жүрекке” қоғамдық қоры ТШО компаниясының еріктілерімен бірлесіп, Жылыой ауданындағы 400 оқушыға мектепке қажетті оқу-құралдары салынған сөмкелер таратты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button