Жарнама
БілімЖаңалықтар

Мектеп оқушылары екінші тоқсанда қалай оқиды?

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов екінші тоқсанда оқушылардың қалай оқитыны туралы сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әр өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бойынша жеке-жеке шешім қабылдайды.

«Білім ұйымдарына келсек, біз барлық оқыту формасына дайынбыз. Ал қызыл және сары аймақтағы өңірлерге келсек, олар бойынша Ведомствоаралық комиссия шешім қабылдайды. Жағдай күн сайын өзгеріп отыр. Өзге елдерде коронавирус инфекциясының қалай өскенін көріп отырсыздар. Мұнда өңірдің эпидемиялық ошаққа қаншалықты жақын орналасқаны ескерілетін болады. Жақын арада бұл мәселе бойынша шешім қабылданып, БАҚ пен жұртшылыққа хабарланарына сенімдімін», — дейді вице-министр.

ҚР БҒМ хабарлауынша, 1-5 сынып оқушылары ата-ана қалауымен кезекші сыныптарда оқи алады. Ал мектептер 300 балаға дейін дәстүрлі форматта оқыта алады.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button