МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ
«Адамзат атаулыны адамгершілік құндылықтар мен жақсылық істеуге деген құштарлық жолында біріктіріп келе жатқан бұл мерекенің тәрбиелік мәні өте зор. Рухани құндылықтар біздің елімізде қашан да ұлтаралық татулық пен келісімнің негізі болып келді. Мемлекет дамуы мен қоғам тұрақтылығының кепілі көпұлтты халқымыздың бірлігінде жатқандығын ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтып келеді. Қазақ елінің басты құндылығы да осында», — деді аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов. Иісі мұсылманның қасиетті мерекесі Құрбан айт пен православтық Рождествоның Қазақстанда үлкен деңгейде аталып өтуінің өзін тұтастықпен, береке-бірлікпен байланыстырған облыс әкімі христиандар қауымына ынтымақты ғұмыр тілеп, ізгі тілектерін арнады.
Иса пайғамбардың дүниеге келу құрметіне арналған мереке одан әрі православтық шіркеудегі діни рәсімдермен, жоралғылармен, құлшылықпен және қайырымдылық шаралармен жалғасын тапты.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА,
Суретті түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ.