Атырауда ауаны ластаған құрылымдар анықталды

2019 08 21 311a0bc1e20991c84d879258e98ebc4a Жаңалықтар

Atr.kz/24 шілде, 2020 жыл.  Кейінгі уақытта Атырау қаласындағы ауа сапасының нашарлығы туралы шағым көп түсуде. Бұл мәселе, әсіресе, әлеуметтік желілерде жарыса жазылып, жұрт «кінәлі кім?» деген сауалға бас ауыртуда. «Ауаның ластануы туралы шағымдар негізінен «Су Арнасы» компаниясының қаладағы тазартылмаған суларды ағызуымен және Атырау МӨЗ-ның қалдықтарымен бай­ланысты». Бұл – аталған тақырыпқа арнайы түсінік берген Экология министрлігі Экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Зұлфыхар ЖОЛДАСОВТЫҢ жауабы.

Т и і с т і м и н и с т р л і к қабылдаған шаралардан кейін сот арқылы «Су Ар­насы» мекемесінің қызметі тоқтатылып, Атырау МӨЗ жо­спарлы жөндеуге кірісті. Ма­мандар бұл мәселенің түйінін «Атырау әкімдігінің тазарту нысандарын салу жөніндегі көп миллиардтық жобасын жүзеге асыру арқылы шешу керек» деген пікірде. Алайда, ол қазіргі уақытта кешеуілдеп жатыр.

Ендігі жерде Экология министрлігі ағын суларға жауап беретін компания­ларды, соның ішінде Аты­рау МӨЗ- ін тексеруді бастамақ. Жергілікті әкімдік «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп, арнайы келісімге сәйкес, күкіртсутегі булары пайда болатын қаладағы төгінді жинақтағыштарды қалпына келтіруді де қолға алуы керек екенін еске салады.

«Қалада «Сасық сай» тұрмыстық қалдықтарды буландырғышы орналасқан. «Су Арнасы» компания­сы арқылы 80%, зауыттан 20% қоқыс шығарылады. Жинақтағышқа барлық қалалық төгінділер тазартыл­май жиналады. Нәтижесінде күкіртсутектің негізгі көзі – 1000 га жер пайда болады, онда органикалық заттардың ыдырау процестері – ағынды сулар, соның ішінде мұнай өнімдері де болады. Бұл иіс әсіресе, қалада жел болмаған кезде және ауа темпера­турасы жоғары болған мезгілде сезіледі. Сондықтан, тұрғындардан шағымдар түсуде. Сот арқылы біз «Су Арнасы» компаниясының шығарындылары мен қызметін тоқтаттық.

Әкімдік жаңа тазар­ту құрылыстарын салу бағдарламасын әзірледі, қаражат алды, бірақ, кесте­ден кешігуде. Бұл – көп миллиардтық жоба. Жобаның нәтижесінде тазартусыз төгінділер тоқтауы керек. Со­нымен қатар, «ҚазМұнайГаз» бен әкімдіктің арқасында екінші кезеңде өңделген ж и н а қ т а ғ ы ш ж е р л е р қалпына келтірілуі қажет», – деп түсіндірді Эколо­гия министрлігінің өкілі Зұлфыхар Жолдасов.

Оның баяндауынша, барлық шаралар қолданылып, н ұ с қ а у л а р б е р і л г е н , қалдықтарды шығаруға тыйым салынған. Қалпына келтіруді қаржыландыру мәселесі бой­ынша «ҚазМұнайГазбен» меморандум жасадық. Бүгінгі таңда Атырау МӨЗ жоспарлы жөндеу аясында жұмысын тоқтатты. Деген­мен, компанияға қатысты тек­серу мәселесін қарастырып жатырмыз, өйткені, жанама шығарындылар болуы мүмкін. Компания өз жоспарында та­зарту құрылыстарын салуды, ағынды суларды оқшаулауды белгіледі. Барлығы өте баяу жүргізілуде. Енді әкімдікке де, коммуналдық қызметке де, «ҚазМұнайГазға» қатысты да шаралар қолданатын бо­ламыз. Жаңа тазарту ны­сандары салынғанда, бұл мәселені шешу керек» дейді министрлік өкілі.

Аталған тақырып Атырау халқы үшін аса маңызды. Қала тұрғыны Тәуірбек Жұмабергенұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі жа­рияланымында қаладағы ластанған ауа туралы мәселе көтерген-ді. Бұл дәлелсіз құр байбалам емес. Мұны маман­дар да зерттеп, дәлелдеп отыр. Яғни, облыстық экология департаменті, шын мәнінде, Атырау ауа бассейнінің ластану фактісі қаладағы ауа сапасын бақылау стансасының мәліметтері арқылы расталғанын хабар­лады. Департамент биылғы 12 шілдедегі ауа сапа­сын бақылау стансасының мәліметтеріне талдау жа­сап, нәтижесінде қаланың атмосфералық ауасындағы күкіртсутегі шекті рұқсат етілген концентрациядан асатынын тіркеген. Ластану көздері – Атыраудың сол және оң жағында орналасқан булану алаптары. Бұл факті бойынша департамент арқылы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты тексеру тағайындалды. Оның нәтижелері туралы Экология министрлігі қосымша хабар­лайтын болады.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз