Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeЭкономикаҚоғам

Ерінбесең, егін ек!.. (3-бөлім)

Atr.kz/2 шілде, 2020 жыл. Егін – ел ырысы. Бірақ, соңғы уақытта осы шаруашылықтан шаһарды былай қойғанда, ауылдың өзі алшақтап барады. Бұл да атакәсібіміз мал шаруашылығының кебін кигелі тұр… Біз қосымшамыздың өткен сандарынан бері көтеріп келе жатқан тақырыбымызды түйіндегенді жөн көрдік.

 Отандық өнімді өгейсітпейік

Ендігі м ә с е л е – «жолы болмаған» жергілікті ө н і м д е р жайы. Оларға бізден басқа ешкімнің жаны ашымайтынын әлі де түсінбей келеміз. Жақында супермаркеттердің бірін аралап жүріп картоптың астындағы жазуды оқып, таң- тамаша болғанымыз бар. «Египеттен әкелінген са­пасы жоғары картоптар» деп жазылған маңдайша қақ төрде «менмұндалап» тұр. Сонда қалай болғаны? Алыстан тасымай-ақ, өнімді өзімізде өсірудің мүмкіндігі жоқ па?

Қа зына лы аймақтың ауылшаруашылық саласын жетік білетін маман, «Атаме­кен» ҰКП Атырау облыстық филиалы директорының о р ы н б а с а р ы С е р і к Сәрсекеновтің айтуынша, импортқа икемделгеннен гөрі экспортқа басымдық берген жөн. Мәселен, жуырда жергілікті кәсіпкерлік палатасының мамандары скринингтік сауалнама жасаған екен. Оның қорытындысы көп жайға көз жеткізді. Бір жылдың ішінде шетелден жеткізілетін алманы алып қарайтын болсақ, оған жұмсалған қаражат  8 1 6 , 5 миллион теңгені құрайды. Бұл не деген сөз? Демек, осыншама қаржы  басқаның қалтасына құйылып жатыр. Сон­да біз шетел­ден тартуға тиіс болған инвестицияны соларға кері са­лып отырмыз ба?

 – Өзімізде өндірілген 107 тонна алманы айтпағанда, бізге әлі де қалыпты көлем есебінде 30,3 мың тоннасы қажет. Ал, шетелдік алмаға келсек, оның қалай өсірілгені бізге беймәлім. Өздері жемейтін болған соң, өзгеден несін аясын шетелдіктер? Бұл жерде біз алмаға құрт түспеу үшін және оны ұзақ уақыт сақтау мақсатында қолданылатын улы химиялық қоспалар мен басқа да толып жатқан зиянды заттарды ай­тып отырмыз. Сол «сырты бүтін, іші түтін» алмаларға шілденің шіліңгірінде шыбын қонбайтыны да сондықтан ғой, – дейді білікті маман бізбен әңгімесінде.

Алма демекші, Елбасының өзі «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың от­аны» деп, жергілікті жеміспен денсаулықты жақсартуға шақырды емес пе? Ал, сапалы тағам тұтынғымыз келсе, жер бетін жасыл баққа айналдыру қажет.

Балконда бақ өсе ме?

Е г і н д і а й т п а ғ а н д а , қарапайым көгалдандыру жайы қозғала қалса, «бұл үшін арнайы егіс алқабы керек» деген уәждер айтыла бастай­ды. Осы орайда, алыстағы ауыл-аймаққа бармай-ақ, қаланың қақ ортасында егін егіп отырған жандар ба­рын еріксіз еске салуға тура келеді. Тіпті, балконда да бақ өсіріп жатқандарды көргенде, сүйсінбеске шараң қалмайды. Балконды былай қойғанда, көпқабатты үй тұрғындары өз ауласында бір-бір жеміс ағашын жайқалтуына болады ғой!

Міне, сондай жандардың бірі – Қайырғали Смағұлов көшесіндегі №56 үйдің т ұ р ғ ы н ы – Қ а з и м а ш Сабырова. Ол аядай аулада өсіріп жатқан гүл бағын күн сайын күтіп-баптап отырады. Жасы сексенге жақындаған ардагер ұстаз әлі тың. Кезінде білім беру бөлімін басқарып, мектеп директоры болған ол зейнет жасына жеткен соң гүл өсіруді қолға алғанын айтады.

– Жалпы, жасыл желекке жаны құмар адам күн сайын таза ауамен тыныстап отыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп, денсаулығы жақсарады, көңіл- күйі де көтеріңкі болады. Бұл, әсіресе, қала тұрғындары үшін өте пайдалы. Өйткені, олар көп уақытын ғимараттар мен кеңсе ішінде өткізеді. Тіпті, сол кеңседегі гүлдердің өзін суаруға уақыт таппай жатады.

Ал, бұрынғы кездері кеңсе жұмысшылары бір сәт каби­неттен шығып, табиғат ая­сында арнайы үзіліс жасаушы еді. Қазір ондай жоқ. Өйткені, уақыт тапшы. Сондықтан, демалыс күндерін үйде емес, сыртта, әсіресе, тал-теректің саясында өткізген тиімді. Мәселен, біз отбасымызбен бос уақытымызды гүлдерді күтіп-баптаумен өткіземіз. Тоқсан жасқа таяп қалған жолдасым екеумізді осы маңдағы тұрғындардың бәрі біледі, – дейді ол.

Балкон дейміз-ау, бір бөлменің ішінде құлпынай қ ұ л п ы р т ы п , ж а п ы р а қ жайқалтып отырғандар да бар. Тек терезеден күн сәулесі түсіп тұрса, соның өзі жетіп жатыр. Осындай игі істі иіріп отырған Атырау қаласының тұрғыны Гүлнұр Бақытжанқызы құлпынаймен қатар авокада мен лимон өсімдігінен де өнім алады екен. Оның айтуынша, сырт­тан саудаланып жатқан жеміс- жидекті өзімізде де өсіруге болады.

Иә, ерінбеген адамның қолынан бәрі келеді. Бұл рет­те, біреулер «пәтерде піскен жеміс дәмсіз болады» деуі де мүмкін. Әйтсе де, мұны біз мы­сал ретінде ғана келтіріп отыр­мыз. Ал, оның қасында қала тұрғындары жылыжайдың да жемісін жеп отырған жоқ па? Олай болса, егін еккісі келген жан жөнін табады.

 ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

Қалай десек те, алдыңғы толқын аға-апалар кейінгі кіші буынға үлгі көрсетуі тиіс. Себебі, нарықтың шырмауына шырмалған бүгінгі ұрпақ жерге дән егіп, қашан жеміс піскенін күткісі келмейді. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүріп үйренген олар ауадан ақша жасауға үйір. Сондықтан егін егу мен жасыл желек жайқалтуға тек кәсіп ретінде ғана қарамай, отбасылық құндылыққа айналдырған абзал. Уақыттың өзі бізге мұны мойындатып отыр.

Нұрғиса АХМЕТҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button