Атыраулық Мәриям «Әлем жұлдызы» атанды

c608fb60 c5a9 4b2a a0c2 9bea44a2004e Жаңалықтар

      Мариям Ишанғалиева шілде айында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мировая супермодель» байқауына онлайн түрде суреттерін жіберген еді. Байқау қорытындысы қыркүйекте белгілі болып, Мәриям жүлделі І орынмен Сочиде болатын финалға жолдама алды.

«Әлемдік модель» байқауы 3-15 жас аралығындағы ерекше қабілетті балалардың басын қосуға мүмкіндік туғызды. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша әлемдік додаға 40 елден қатысушылар келуі керек болған. Алайда, пандемия жағдайына байланысты тек 25 үміткер финалда бақ сынады. Жеті әділ-қазының пікірі бір жерден шығып, Мәриям 6-9 жас аралығындағы титулды жеңіп, «Мировая звезда»атағын алды. 

9681ebc2 2bf2 467d b6c7 2e5d0ca6428a

̶  Қызым, үйден шығарда «мама, мен басыма тәж киіп келемін» ,- деп өз-өзіне сенді. Сайыс барысында қобалжығаны жасырын емес, өйткені 25 қатысушының ішінде бір ғана қазақ қызы өзі болды. Мариям кішкентай кезінен мен қазақпын деп өсті. Негізі туған жері Ресейдің Астрахань қаласы. Тәжді басына кигізген сәтте қуаныштан жылап жіберді. Қызымызға қолдау көрсеткен Бақытгүл Қайыржанқызына, Кайрат Бөлеков пен мектеп директоры Күнсұлу Үрпекқызы, ұстазы Мейрамгүл Темірханқызына алғыс білдіріп, Мәриямның жеңіспен оралуына тілекші болған барша Атырау халқына рахметімді айтамын! ,- деді анасы Арай Қарабалаева. 

1a633d83 cf7f 4c19 a1c1 8a48f23abb2c
48ca2f76 6731 40b5 add9 16bf279ce122


dd234cc8 41bc 4199 a49a 96e7289edf98

   «Адай» күйімен сахна төрінде қазақ қызының бейнесін көрсеткен кішкентай жұлдыз қыз Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылының С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 3 сынып оқиды. Үлгілі оқушы бос уақытында би үйірмесіне қатысады. Оған қоса облыстық,  республикалық байқаулардың жеңімпазы. Арманы Корея елінде білім алып, білікті дәрігер маманы болу.

Жан-Ерке ХАЛИУЛЛИНА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз