МӘЖІЛІСМЕН – «МАГИСТРАЛЬДЫҚ СУ АҒЫЗҒЫ» ЖШС-ДЕ
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС ұжымымен кездесті.
– Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған орай, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда мен Түркістан облыстарында жаңадан 9 су қоймасы салынады. «Бұл ауқымды жоба, бірақ біздің қолымызда қажетті ресурстың бәрі бар. Атырау мен Маңғыстау облыстарының аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Астрахан-Маңғыстау магистральді су құбыры жаңғыртылады және Кендірлі кентінде су тұшытатын жаңа зауыт салынады», — деген Мемлекет бамшысы аталған жобаға басымдық беріп отыр. Аталған су қйомасы ішінде Атырау облысы жоқ. Сол себепті, жауапты ведомствоға хабарласқанымда мүмкіншілік жоғын айтты, – деген мәжілісмен Серік Ерубаев, бұл орайда, Арал теңізіне қолданылған өзен жағасынан сексеуіл егу тәжірибесін алу туралы ойын білдірді.
Айта кетелік, 2025-2030 жылдар ішінде тағы 31 су қоймасы салынатын болады. Мұнда да Атырау облысының аты аталмайды.
«Магистральдық Суағызғы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің нысанасынан магистральдық құбыр арқылы су беру қызметін ұсыну мақсатында құрылған болатын.
Кездесуде «Магистральдық Суағызғы» ЖШС-ның бас директоры Мадияр Берлібаев серіктестіктің атқаратын қызмет аясы туралы кеңінен айтып өтті.
Халыққа, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, мұнай-газ өндіруші және өнеркәсіптік кәсіпорындарға магистральдық құбырлармен су беру, жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр энергиясын беру, Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылының, Жылыой ауданы Құлсары қаласының (өнеркәсіптік аймақ) шекарасы шегінде сарқынды суларды бұру сияқты қызметтерді атқарады. Сонымен қатар, құбырларды қолданыстағы магистральдық және өзге де құбырларға (суағызғыларға) жалғау не қосу, магистральдық құбырлардың шекаралары шегінде құбырларды қолданыстағы магистральдық және өзге де құбырлардан ажырату бойынша қызметтер көрсетеді.
Рита ӨТЕУҒАЛИ