Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Мәжілісмен атыраулық жастармен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наурыз Сайлаубай Атырау өңіріне сапары барысында «Жастардың саясаттағы ролі» тақырыбында Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Атырау облыстық филиалы ұйымдастырған кездесуге қатысты. 

Жастардың саясаттағы белсенділігінің маңыздылығы, болашақ саясаткерлердің қоғамға араласуы секілді тақырыптармен қоса ашық алаңда қазіргі таңдағы өзекті басқа да мәселелер қозғалды. Жастар еркін форматта пікір алмасып, сауалдарына жан-жақты жауап алды. 

534d3923 6a4f 45c4 912a 5f35703e75a8

Еңбек жолында жастармен етене жұмыс жасағанын атаған Мәжілісмен білімді болудың, бос уақытты тиімді пайдаланудың қашан да маңызды екеніне баса мән берді. Заң шығарушы органның жалпы жұмыс барысы, іске асқан бастамалар, депутаттық сауалдардың нәтижелері туралы да айта келе, саяси сауаттылық, әлеуметтік желі, NEET санатындағы жастар, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қазақша контентті дамыту, ауыл жастарын, жастардың жобаларын қолдау  секілді жиын қатысушылары жолдаған сауал, ұсыныстарға орай пікір білдірді.

Айта кетейік, Мәжілісмен Атырау өңіріне сапары барысында қоғамдық қабылдау өткізіп, қалалықтармен жүздессе, Махамбет ауданының Жалғансай ауылы тұрғындарымен де кездесті. 

Гүлжан ӘМІРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button