Жарнама
Жаңалықтар

Мәжіліске алты партия өтті

Алдын ала жүргізілген exit-poll қорытындысы бойынша Мәжіліске алты партия өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

  • Аманат партиясы (53,33%),
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы (11,26%),
  • Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы (8,87%),
  • Қазақстан халық партиясы (6,93%),
  • Республикалық партия (8,33%),
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (5,12%).

Бірақ «Байтақ» жасылдар партиясы өтпеді. Ол ең аз дауыс санын (2,51%) жинады.

«Байтақ» партиясының жетекшісі Азаматхан Әміртаев наурыздың 19-ы күні экзит-полл қорытындысы жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады.

«Exit-poll қорытындысы бойынша біздің партия парламентке өткен жоқ. Бірақ «Байтақ» партиясы өз күшімен ұсынылған бағдарлама бойынша жұмысты жалғастырады», — деп жазды Азаматхан Әміртаев Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, жаңа парламентке ел игілігі үшін қызмет етуді тіледі.

Қазақстандықтардың 3,65 пайызы барлығына қарсы дауыс берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button