Жаңалықтар
Мәжіліс вейп сатуға тыйым салатын заңды қабылдады
Парламент мәжілісі денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер аясында темекі өнімдерін тұтынуды шектеу стандарттарын қабылдады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Қабылданған заң вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салады. Оларды саудалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі:
- сату үшін ең жоғары айыппұл – 50 тәулікке дейін қамауға алу;
- әкелу және тарату үшін – 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;
- қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде не бiрнеше рет жасалған әрекеттер үшiн 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады.
Сонымен қатар, заң медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды міндетті түрде қолдануды алып тастайды. Медициналық қызмет көрсетушілер пациенттің жеке ерекшеліктеріне байланысты емдеудің ең жақсы нұсқаларын таңдай алады.
Заң Сенаттың қарауына жіберілді.
Сурет: freepik.com