Мемлекет басшысы Жайық өзенінің ахуалына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.
«Қазір Жайық өзені қатты суалып, экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады. Былтырғы желтоқсанда Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2024 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – Жайық өзені аңғарының экожүйесін сақтау» деді Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында.
Сондай-ақ, ол су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану – аса маңызды міндет екенін де атап өтті. «Бұл – ұлттық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету мәселесі. Менің тапсырмам бойынша Су ресурстарын басқарудың ұлттық жобасы дайындалды» деді Президент.