Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Мәжіліс депутаты атыраулық журналистермен кездесті

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, Мәжіліс депутаты Сәлімжан Нақпаев атыраулық журналистермен кездесті.

Кездесу барысында әр түрлі сауалдар қойылып, өңірдегі бірқатар экологиялық мәселелер талқыланды. Атырау облысындағы Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз мәселесін бұған дейін Сәлімжан Жұмашұлы депутаттық сауал арқылы көтеріп келген еді. Енді ауаны көбірек ластайтын автокөліктерге байланысты мәселенің де депутаттық сауал арқылы көрініс табатыны белгілі болды. Мәжіліс депутатының айтуынша, елімізде 4 мыңдай жер асты су кеніштері болса, соның ішінде 2256 тұщы су көзі бостан-бос далаға ағып жатқан көрінеді. Бұл да – су қорының азаюына бірден-бір себепші жағдай екені белгілі. 

    Жайық өзенінің бүгінгі ахуалы, еліміздегі су қорының болашағы, Индер-Қарабау тасжолы секілді өте маңызды мәселелер талқыға түскен кездесуде «журналистердің мәртебесі» жайлы да сөз болды. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты аталған мәселелерден бөлек басқа да ұсыныстар мен өтініштер болса, журналистермен біріге жұмыс істеп, түрлі саладағы мәселелерді Парламентте көтеріп, депутаттық сауал жолдайтынын айтты.

Алпамыс Бауыржанұлы

img 20210326 wa0062
img 20210326 wa0061

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button