Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Маусымнан бері «Ембімұнайгазда» 136 адам коронавирус жұқтырды

Аtr.kz/18 маусым, 2020 жыл. Компанияның қоғаммен байланыс қызметінің мәліметінше, маусымға дейін «Ембімұнайгаз» АҚ-ның өндірістік нысандарында қызметкерлердің инфекция жұқтыруы тіркелмеген. Ал, 3 жұмысшыдан қауіпті індет жұмысқа шығар алдындағы міндетті скринингтен өту кезінде анықталған.

«Маусымның басынан бері Жылыой ауданындағы Терең-Өзек, Қисымбай, Қызылқоға ауданындағы Кенбай кен орындарында «Ембімұнайгаздың» 62 және мердігер компаниялардың 55 қызметкерінде COVID-19 анықталды. Бұған қоса, міндетті скрининг кезінде «Ембімұнайгаздың» 19 жұмысшысынан вирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Барлық жұмысшылар қажетті ем алу үшін Құлсары және Атырау қалаларындағы жұқпалы аурулар ауруханаларына жатқызылды.

Симптомсыз ауырып жатқан жұмысшылар отбасының өзге мүшелерінен оқшауланып, үй карантиніне орналастырылды. Ал, үйде оқшаулау талаптарын сақтауға мүмкіндігі жоқ адамдар Атырау қаласының Береке ықшам ауданындағы арнайы жабдықталған үйлерге карантинге жатқызылды. ПТР тестілері теріс нәтиже көрсеткен жұмысшылар жұмыс орындарында бақылауға алынды» -деп хабарлады компанияның қоғаммен байланыс қызметі.

Қазір барлық кен орындарында жұмыс штаттық режимде жүргізіліп келеді. «Жылыоймұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-нің және аталған өндірістік бөлімшелерде жұмыс істейтін «Ембімұнайэнерго» басқармасының қызметкерлері үшін жұмыс вахтасының мерзімі 14-тен 28 күнге дейін ұзартылған. Жаңа алгоритмге сәйкес вахтаға жіберілген «Ембімұнайгаздың» және мердігер мекемелердің барлық жұмысшысы ПТР-тесттен кейін вирус жұқтыруды болдырмау мақсатында 5 күндік карантинге жатқызылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орталық аппараттың бір бөлігі қашықтан жұмыс істеу режиміне жіберілген. Ал, қызметкерлердің бас кеңсе ғимаратында болу уақыты түскі үзіліссіз сағат 15.00-ге дейін қысқартылған. Бұдан бұрын Атырауда NCOC қызметкерінен коронавирус табылды.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button