Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Өзбекстан азаматшасы атыраулық тұрғынның интимдік бейнежазбасын ғаламторға жүктеймін деп бопсалаған

Атырау қаласында тұратын 51 жастағы әйел бопсалау туралы арызданды.

Шағымданушының арызында өзге азаматшаның қорқытып 50 000 теңге талап еткені айтылған. Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматшасы ғаламтор желісіне жәбірленушінің интимдік сипаттағы бейнежазбаларын жүктеймін деп бопсалаған.

Күдікті азаматша 19 қаңтарда Атырау қаласы С.Датов көшесіндегі банк филиалы ішінде орналасқан терминалдан талап еткен ақшасын есепшотына салдыртқан. Полиция күдіктіні сол жерде ұстады.

Қазір аталған дерекке ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ,

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button