Жарнама
Жаңалықтар

Маусым айында шомылу науқаны ашылмайды

Атырау қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі де шекті белгіге дейін төмендеген жоқ, — деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бақыт Аблановтың айтуынша, Жайық өзеніндегі судың жоғары деңгейде болуына байланысты Атырауда шомылу маусымының ашылу уақыты белгісіз мерзімге ығыстырылып отыр.

Өткен жылы Атырау облысы әкімдігінің шешімімен 46 шомылу орны анықталды, оның алтауы – Индер және Жылыой аудандарында, сондай-ақ Атырау қаласында ашылды.

– Биылғы шомылу маусымының ашылуы белгісіз мерзімге шегерілді. Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендегеннен кейін жағалаулар мен жағажайлардың түбін тұрмыстық қоқыстардан тазарту жұмыстары ұйымдастырылады. Қазір ашық су айдындарында шомылуға қатаң тыйым салынады, — деді Бақыт Абланов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button