1003 10

Мәуліт кешінде Атырауда «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында баспана тапсырылды

Жаңалықтар

Atr.kz/11 желтоқсан, 2019 жыл.  Атырауда өткен қасиетті Мәуліт рухани кеші аясында мұқтаж отбасыға пәтер кілті тапсырылды.

Төрт баланы бір өзі тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана Ұлпагүл Қалибековаға баспана кілтін Атырау облысының Бас  имамы Алтынбек Ұтысханұлы өз қолымен тапсырды.

Естеріңізде болса, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ел үлесі пәтері» жобасын Рамазан айының құрметіне іске қосқан болатын. Бұл жоба аясында еліміз бойынша талай мұқтаждар баспаналы болды.

«Төрт баламен жалғыз өзім қалған уақытта қатты қиналдым. Бірақ, ауыртпалықтарға қарамастан, балаларымды бар күшімді салып бағып келемін. Менің қиын жағдайыма тұтас елдің назарын аударған орталық «Иманғали» мешітіне, жалпы жамағатқа алғысым шексіз.  Мен сияқты мұқтаждар осылайша баспаналы бола берсе» дейді жалғызбасты ана Ұлпагүл Қалибекова.

Мұқтаж анаға құтты қоныс тілеген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қайырымдылық мәселесінің әркез бірінші кезекте болатынын айтты. Және ізгілік жолында біріккен жамағатқа алғыс айтты.

Және шара аясында жастар арасындағы кітап оқу сайысында білімімен топ жарған Асланбек Құлниязов Умраға жолдамамен марапатталды.  

Рухани кеш аясында мешіт жұмысына қамқорлық танытып жүрген бір топ азаматқа Бас имам Алтынбек Ұтысханұлының Алғыс хаты тапсырылды. 

1003 8
1003 3

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған