ДӘРІС АРҚАУЫ – ЕЛДІҢ ДАМУЫ

Қазақстанның мейлінше дамыған әлем мемлекеттерінің отыздығына енуі үшін нақты қандай жұмыстар жасалуы керек? 2050 жылы дамыған Қазақстан қандай болады? Қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен «Назарбаев университеті» ғылыми-зерттеу департаментінің директоры, РһD докторы Ерғали Досмағамбетовтің дәрісінде осы сауалдар төңірегінде әңгіме өрбіді.

Жиынға қатысқан Атырау қаласының банк басшылары мен селолық округ әкімдері дамушы нарықтардың Еуразиялық форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген мәселелерді талқылай отырып, экономикалық дамудың қыр-сырына тереңінен бойлады.
Дәріс жүргізуші Ерғали Досмағамбетов дамыған өзге мемлекеттердің жаңалығын өзімізге енгізіп, ғылыми іспен шұғылдануда ағылшын тілін жетік меңгерудің маңыздылығына тоқталды. «Сондай-ақ, оқушыларға ағылшын тілін жай оқытып қана қоймай, мектеп деңгейінде мұғалімдерді қайта даярлайтын тренингтер жиі ұйымдастырылуы керек», – деді ол.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз