«Матендік» мұнайшылар 650 метр бөгет тұрғызды

img 20240419 wa0056 Жаңалықтар

Атырау қаласы Алмалы ауылында бөгет салу жұмысына жұмылдырылып жатқан компаниялардың бірі – «Матен Петролеум» АҚ-ы 650 метр жерге бөгет үшін топырақ төсеп, топырақ толтырылған қапшықтарды әзірледі. Компания жұмысшылары екі ауысыммен жұмыс істеп, тәулік бойына тер төкті. Күні-түні жұмыс істеген компания жұмысшыларының көмегімен белгіленген нысанның жұмысы уақытында аяқталған.

Мекеме тарапынан бөгетке жақын орналасқан «Бұлбұл» балабақшасы мен сол маңайдағы екі жеке тұрғын үйдің айналасын қоршауға көмектесіпті.
– Бұл бөгеттің биіктігі 2 метр, ені 4 метр. Осы жұмыстарға 10 өзі аударғыш (самосвал) КамАЗ, жол тегістейтін каток көліктері жұмылдырылды. Алдағы уақытта мекеме тарапынан әлеуметтік көмектер беріледі деп күтіліп отыр, – деді «Матен Петролеум» АҚ орталық инженерлік-техникалық қызмет бөлімі басшысының орынбасары Азамат Әбдікәрімов.

Алмас ҚАБДОЛОВ
Бейнежазбаны түсірген автор
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз