Жарнама
Жаңалықтар

Мәскеудегі байрақты бәсекеде «Сармат» командасы жүлдеге ие болды

Биыл 2–12 шілде аралығында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен Жеңістің 80 жылдығына арналған ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері келісімі негізінде ұйымдастырылған «Жеңіс мұрагерлері» аттыхалықаралық әскери-спорттық жастар ойыныныңфиналына «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының (12 оқушыдан құралған) командасы қатысып, жалпыкомандалық есепте 3-орынға ие болды.

e4804bbd c681 4070 9445 48e467d6e651

Жеке есеп бойынша Абай Азамат–100 метрге жүгіруде 2 -орын, «Атлет» көпсайысы бойынша – 2-орын; Молдаш Фархат– турникке тартылу – 2-орын, кедергілер жолағынан өту – 1-орын, «Атлет» – 3-орын; Талғатов Нұрасыл – 100 метрге жүгіру – 3-орын; Жұмажан Руслан – 100 метр – 1-орын; Атиголла Абылай – кедергілер жолағынан өту бойынша 2-орынға ие болды.

07cc394d b03a 4925 989a 22dbc6f9a97e

Командалық есепте «Атлет» әскери-спорттық көпсайысында – 1 орын (турник – 1 орын, 100 м – 1 орын, әскерикросс – 1 орын, кедергілер жолағы – 2 орын); Әскери-тактикалық далалық ойыны – 1 орын; «Огневой рубеж» әскери эстафетасында – 2 орын; Робототехника бойынша – 3 орын; FPV-дрондармен жарыс; «Калибр» ойыны; «Эрудит» интеллектуалды сайыстары өтті.

07ea47ed 2f9c 4d0b 9cb2 936379f9c855

Ойын аясында қатысушыларға арналғаншеберлік сабақтары мен оқыту тренингтеріөткізілді: тактикалық дайындық, медициналықжәне инженерлік дайындық, әскери топография, дрондармен жұмыс, бағдарлау, атыс дайындығыжәне тағы басқа.

9a3d77ab 9342 4a01 ac84 cececebd4d79

Ұйымдастырушылар Мәскеудегі Александр бағындағы Белгісіз жауынгер зиратына гүл қоюрәсімін, Қызыл алаң мен музейлергеэкскурсиялар ұйымдастырды. Жеңіс музейінде(Поклонная гора) «Сармат» командасына Жеңіс туының көшірмесі табысталды.

3dbc68e6 4426 4699 a427 562fbd90bd05

Ойын аясында футбол, волейбол жәнебаскетболдан жолдастық кездесулер өткізілді. Нәтижесінде «Сармат» футбол мен баскетболдан – 1-орын, волейболдан 2-орын алды.

fe596971 3dd9 41bc abc3 571d8b85e741



Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button