Жаңалықтар
Мақаттықтарға баспана бұйырды
Мақат ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында және жергілікті бюджет есебінен сатып алынған 7 жаңа тұрғын үйдің кілті 14 отбасыға салтанатты түрде табысталды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Азамат Мәмбетов қатысып, баспана иелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ ол баспанамен қамту мемлекеттің әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі екенін айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Айта кету керек, жаңа баспана бұған дейін үйлері апаттық жағдайда деп танылған тұрғындарға берілді.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ