Жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ – ЖАҢА БАҒЫТТАРДЫ ДАМЫТУ

«Бiздiң алдымызда әлi көптеген мiндеттер бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, индустрияландырудың екiншi бесжылдығы индустрияны инновациялық дамытуға бағытталған. Сондықтан, екiншi бесжылдықтың негiзгi мақсаты – инновациялық экономикаға көшудiң негiзiн құру арқылы өнiмдiлiк өсiмiн қамтамасыз ету. 2020 жылға қарай инновациялық белсендi кәсiпорындар үлесiн 20%-ға дейiн, яғни екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Инновациялық өнiмнiң ЖIӨ ішіндегі үлесiнiң ұлғаюы 2,5%-ға жетеді деп болжанып отыр», — дейді Л.Садықова.

Оның айтуынша, екiншi бесжылдықтың аталған жоспары үшiн инновациялық саясатта екi әлеует белгiленіп отыр. Оның бiрiншiсi – дәстүрлi салалардағы технологиялық кейiндеудi қысқарту. Екiншiсi, жаңа бағыттарды дамыту. ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығында қайта өңдеу өнеркәсібі саласына 16 млрд. доллар инвестиция тартылған. Бұл оған дейінгі бес жылда тартылған қаржыдан 2,5 есеге көп.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button