ЖаңалықтарЭкономика
Мақатта газ өңдеу зауыты салынады
Бұл туралы аудан әкімі Шәкір Кейкин мәлімдеді.
Индустриалдық-инновациялық даму бағыты бойынша, Ескене стансасының маңынан құны 1 млрд. 250 млн. доллар болатын «GPC Investment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қашаған кен орнында жылына 1 млрд текше метр қуаттылығы болатын газды кешенді дайындау газ өңдеу зауытының» құрылысын салу жоспарлануда.
Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, 2023 жылы аяқталады деп күтілуде. Осы құрылыс кезінде 3000-ға жуық адамды және құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 450 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделіп отыр,- дейді аудан әкімі.
«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»