Жаңалықтар
Мақатта батырлықты дәріптейтін ерекше сурет салынды
Мақат кентіндегі «Болашақ» шағынауданының тұрғын үй қабырғасына ерекше street art суреті салынды. Бұл сурет жергілікті халықтың мақтанышы – Мақат станциясының бұрынғы кезекшісі Айман Жұмашеваның құрметіне арналды.
Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1985 жылы стансада жанар-жағар май құйылған 15 тонналық цистерналардың өртенуінің нәтижесінде алапат өрт орын алған еді. Сол жылдары жылжымалы құраманың 55 вагоны бір мезгілде істен шығып, қызыл жалын шарпыды. Сонау қиын сәтте Айман Далбанқызы батылдық танытып, аумақты жайлаған өрттен қаймықпай, қызметін адал атқарған. Сондықтан бүгінде оның ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі ретінде бейнеленіп, жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында салынған.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ