Жарнама
Жаңалықтар

Мақатта 24 отбасы баспаналы болды

Тәуелсіздік күніне орай және ауданның 100 жылдығы аясында Мақат және Доссор кентінде 2 пәтерлі 12 жаңа тұрғын үйдің кілті 24 отбасыға табысталды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Үйлі болған отбасылардың арасында әлеуметтік осал топқа жататындар, көпбалалылар мен осыған дейін апатты үйде тұрып келгендер бар. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Азамат Мәмбетов қатысып, пәтер кілтін табыстады.

– Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету халықтың әл-ауқатын жақсартуға көмектесетін негізгі бағыт болып табылады. Тұрғындардың тұрмыс тіршілігін жақсарту мақсатында келер жылы да ауданымызда тұрғын үйлер салынады. Жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтаймын,- деді аудан әкімі А.Мәмбетов.

Айта кету керек, жыл басынан бері Мақат ауданында 54 отбасыға пәтер кілті табысталды. Қазір үй кезегінде тұрған адам саны – 746.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button