![Мақат-Қарабау жолында жоғалып кеткен адам табылды 1 rekrekrekr](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/10/rekrekrekr-780x470.jpg)
Жаңалықтар
Мақат-Қарабау жолында жоғалып кеткен адам табылды
Кеше 112 пультіне 1989 жылы туған ер адамның Қызылқоға ауданының Қарабау ауылына бағыт алған мотоциклімен Мақат ауылынан шығып, хабарсыз кеткені туралы мәлімет келіп түсті, — деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.
Іздестіру жұмыстары түні бойы жалғасып, нәтижесінде таңертең ер адам «Мақат-Қарабау» жолының бойында табылды. Ол аман-есен Мақат ауылына жеткізілді, медициналық көмек қажет болмады.
Белгілі болғандай, ер адам мал іздеп шығып, мотоциклі сынып қалғандықтан жолда қалған.