Екі тарап та мүдделілік танытуда

whatsapp image 2021 10 12 at 10.40.57 Жаңалықтар

     Қазақстандық индустриалдық салалық кәсіптік одағының құрамына кіретін «Теңізшевройл» ЖШС-нің мердігер кәсіпорны – ССЕР компаниясының бастауыш кәсіподақ ұйымында 760 жұмысшы тіркелген.

Аталған компанияның бір вахталық ауысымында үш жарым мыңнан астам жұмыс жасайды. Кәсіподақ ұйымы мен жұмыс беруші арасында бекітілген Ұжымдық шартта жұмысшы-қызметкерлердің мүддесін қорғау, әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысты көрсетілген екі жақты міндеттемелер толығымен орындалуда. Жалпы, компанияның бастауыш кәсіподақ ұйымы бес бағыт бойынша жұмысшылардың әлеуметтік мәселелеріне бақылау жүргізеді. Атап айтқанда, олар жұмысшылардың уақытылы жалақысын алуы, олардың жатаханаларда тұру жағдайы, әр жұмысшының арнайы киіммен қамтамасыз етілуі, тамақтану сапасы, жұмыс орындарына апару және кері қайтуы үшін автокөлікпен қамтамасыз ету жайы  толықтай шешілген. 

     ССЕР компаниясы кәсіподақ ұйымының төрағасы Жақсылық Мүсеповтың айтуынша, компания басшылығы Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңы мен өзге де заңнамалық нормаларды, Ұжымдық шартта көрсетілген міндеттерді толығымен орындауға мүдделілік танытып келеді.

     Жақында аталып өткен «Кәсіподақтар күнінде» компания басшылығы кәсіподақ белсенділерімен еркін форматта кездесті. Кездесу барысында компанияның жоба менеджері Мунир Саид пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Жақсылық Мүсепов жұмысшыларды төл мерекемен құттықтап, денсаулық пен толымды табыстар тіледі.

     Кәсіподақ ұйымы жұмысының алға басуына белсенділік танытып жүрген бір топ жұмысшы-қызметкерге мерекелік құттықтау хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

whatsapp image 2021 10 12 at 10.40.57 1
whatsapp image 2021 10 12 at 10.40.57 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз