Мақат ауданында тұрғындар үшін 16 баспана сатып алынады

64e6cb97 dc59 447c 84c2 3b0a039277c6 Жаңалықтар

Қазіргі уақытта тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жалдамалы тұрғын үйлер сатып алу көзделіп отыр. Бұл үшін республикалық бюджеттен 153,6 млн тенге, облыстық бюджеттен 134,4 млн тенге бөлінген, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілқайыр Бесбайұлының айтуынша, Мақат ауданындағы ең өзекті мәселелердің бірі – баспана болғандықтан, жергілікті әкімдік тарапынан оны шешудің әртүрлі жолдары қарастырылуда.

-Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген тәртіппен белгіленген санитариялық-эпидемиялогиялық  және техникалық талаптарға сәйкес келетін бір пәтерлі және бұғатталған аз қабатты тұрғын үйлерді, көп қабатты тұрғын үйлердегі пәтерлерді бастапқы нарықта жалға берілетін тұрғын үй үшін сатып алуға жол беріледі. Тұрғын үйлерді жыл соңына дейін сатып алып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырамыз, – деді ол.

Тұрғын үй заңнамасына сәйкес, тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған және отбасының әрбір мүшесіне соңғы алты айдағы жиынтық орташа айлық табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1 еселенген мөлшерінен төмен халықтың әлеуметтік осал топтары жалдамалы тұрғын үйдің нысаналы аудиториясы болып есептеледі.

Айта кетейік, аумағы 80 м2 кем болмауы тиіс баспаналардың сегізі Мақат кентінен, сегізі Доссор кентінен болмақ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз