Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Мақат ауданында отбасылар баспаналы болды

    Бүгін аудан әкімі Ринат Хисаұлы Доссор кентіне арнайы барып, Мақат ауданының 100 жылдығы қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті бюджет есебінен сатып алынған жаңа тұрғын үйдің кілтін 8 отбасыға табыс етті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

     Шарада аудан әкімі тұрғындардың тұрмыс тіршілігін жақсарту мақсатында биылғы жылы ауданымызда тұрғын үйлердің көптеп салынатынын атап өтіп, тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады.

img 5388

    Сонымен қатар, Доссор кентінің ардагері Бисенов Қадірғали және жаңа қоныс иесі Қазмұқанова Алима қоныс иелерін құттықтап, өз ризашылықтарын білдірді.

img 5389
img 5387

    Баспана кілті кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, көпбалалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға берілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button