Жаңалықтар
Маңызды науқанға – жауапкершілікпен
Саяси маңызды науқанға орай Абай орталығындағы №285 референдум учаскесіне келген сайлаушылар таңдауларын жасап, дауыс беруде.
Референдум учаскесінің комиссия төрағасы Жексенбай Есенғалиевтің айтуынша, аталған аймақта 827 сайлаушы тіркелген. Екі сағаттың ішінде бірнеше тұрғын дауыс беріп үлгеріпті.
Референдум учаскесіне алдыңғылардың бірі болып келген ерлі-зайыпты Асқар, Алмагүл Құмарғалиевтар.
– Әр сайлауға міндетті түрде қатысамыз. Өзге отандастарымызды да осынау маңызды шарадан тыс қалмауға шақырамын. Бұл референдумнан күтетін үмітіміз көп,-дейді олар.
Референдумның өту барысын бақылауға қоғамдық ұйымдар мен тәуелсіз байқаушылар қатысып отырды.
Рита Өтеуғали