Маңызды! Бір жылда өрттен 29 бала көз жұмған

1 5 Жаңалықтар

Өрт салдарынан жан тапсырған 26 баланың 13-і ата-ананың қарауынсыз қалған. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин халық алдында есеп беру барысындай осында мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы биыл өрттен 29 бала тапқан, оның 13-і ересектердің қарауынсыз қалған. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырамын. Өскелең ұрпақтың амандығы үшін қоғамдық қозғалыстар мен үкіметтік емес ұйымдарды көпбалалы отбасындағы балалардың бос уақытын ұйымдастырумен айналысуға шақырғым келеді», – деді министр.

Сондай-ақ, ол соңғы жылдары жылыту маусымы кезінде балалардың өлімі жиі тіркеліп жатқанын еске салды. «Қабылданған карантиндік шараларға, атап айтқанда балабақшалар мен мектеп мекемелерінің қызметін шектеуге байланысты балалардың көбі үйде және көбінесе ересектердің қарауынсыз болды. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 2 бала, Жаңатас қаласында 5 бала және Түркістан облысында 4 бала өлімі тіркелді. Аталған қайғылы жайттардың бәрінде отбасылар әлеуметтік осал санатына жатпайды», – деген Юрий Ильин қыста Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларында болған резонансты қайғылы оқиғаларға да тоқталды.

«4 адам қайтыс болып, 15-тен астам адам зардап шеккен болатын. Екі нысан да шағын бизнеске жатады. Мораторий салдарынан біздің ведомствоның тексеруіне жатпайтын нысандар болатын. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін біз міндетті түрде өрт дабылы, өрт сөндіру және хабарлау жүйелерімен жарақтандыруды, сондай-ақ тұрғын үйлердегі газдануды бақылауды енгізу мәселелерін пысықтадық. Бұрын бұл нормалар биіктігі 10 қабатты және одан жоғары ғимараттар, көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін ғана көзделген болатын. Тұрғын үйлердің газбен қалай жабдықталғанын бақылау заңнамада қарастырылмаған. Осыған байланысты, азаматтардың назарын өз қауіпсіздіктері үшін мүмкіндігінше өрт датчиктерін орнату керек екеніне аударғым келеді», – деді ведомство басшысы.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз