Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Маңдайшалар неге орыс тілінде жазылады?!

Аtr.kz/2 мамыр, 2019 жыл. Атыраудағы сауда орталықтары, блім беру мекемелері, қонақ үйлер мен басқа да халыққа қызмет көрсету орындарының 70 пайызында тіл туралы заңнама сақталмаған болып шықты.

Бұл туралы «Атырау-Ақпарат» баспасөз клубында өткен кезекті брифингте Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалысы жөнінде баяндаған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Әсия Қыстаубаева мәлімдеді. Спикердің сөзінше, биыл бұл бағытта облыстық бюджеттен 34 миллион 170 мың теңге бөлінген.  

Бір ғана мысал, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың мөрлері мен мөртабандарының мәтіні мемелкеттік және орыс тілдерінде жазылуы тиіс. Бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері және басқалай көрнекі ақпарат та сондай тәртіппен орнатылады.

Заңға сәйкес, мемлекеттік тілдегісі сол немесе жоғары жаққа, ал, орыс тіліндегісі оң немесе төменге орналасады. Бұл ретте, әріп мөлшері де бірдей болуы тиіс. Қажеттілік туындаса, басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Ал, Атыраудағы нысандардың басым бөлігінде тек бір орыс тілі ғана «менмұндалап» тұр. Сөйтіп, кейбір азаматтар мемлекеттік тіл орыс тілі емес екенін естен шығарып алады.

Жақсы жаңалық та жоқ емес. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен меморандумға қол қойылып, кәсіпкерлер де заңды бұзбауға қол ұшын беруге міндеттелді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Инфографика:

  • 2019 жылдың 1 тоқсанындағы жергілікті атқарушы органдардың құжатайналымындағы мемлекеттік тіл үлесі: 

Кіріс құжаттарда – 96% (2018 жылы 94%)

Шығыс құжаттарда – 98% (2018 ж. 98%)

Ішкі құжатайналымда – 99,5% (2018 ж. 99,7%)

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button