Жарнама
Жаңалықтар

МӘМС жүйесі: Жарна төлемеген атыраулықтар саны азайды

Биылғы жылдың мамыр айынан бастап  МӘМС жүйесіне жарна төлемеген атыраулықтар саны 3770 адамға дейін азайды.

Қордың Атырау облысы бойынша филиалы халықты медициналық сақтандырумен қамтуды арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Қор филиалы азаматтарды МӘМС жүйесімен қамту қалай жүргізілетінін, адамдар неге жүйеден «шығып қалатынын» және оларды қалай қайтаруға болатынын тұрақты түрде түсіндіріп келеді.

Бүгінгі таңда Атырау облысы халқының 86,58% медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады. Шектеу шараларының енгізілуіне және бизнес пен халықтың төлем қабілеттілігінің төмендеуіне қарамастан, жүйеге қатысушылар саны 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 3770 адамға артып, 567 385 адамға жетті.

Бұл ретте МӘМС жарналарды ешқашан төлемеген азаматтардың саны айтарлықтай азайды. Егер 2021 жылдың басында 91 703 адам болса, 1- тоқсанның қорытындысы бойынша – 87 933 мың адам (13,4% астам төмендеу).

МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге, оның ішінде шұғыл медициналық көмек көрсетуге, жедел жәрдем бригадасының келуіне, учаскелік дәрігердің қабылдауына және т. б. сене алатынын атап өтеміз.

«Пандемия кезеңінде міндетті төлемдерді, оның ішінде МӘМС төлеуден босатылған шағын және орта бизнес қызметкерлерінің тізімдерін өзектендіру бұрынғысынша өзекті мәселе болып қалып отыр. Қазіргі уақытта еліміз бойынша жұмыс берушілердің 20% жуығы (61 мыңнан астам ШОБ) өз қызметкерлерінің тізімдерін өзектендірмеген. Осыған байланысты олардың сақтандырылған мәртебесі жоқ және медициналық көмек алуда шектеу қойылған. Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін жауапкершілігі туралы ескертеміз және олардың деректерін https://msb.fms.kz сайтқа енгізуге шақырамыз» — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

Ескертпе:

Дербес төлеушілер – еш жерде жұмыс істемейтін, әлеуметтік осал санатқа жатпайтын, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе ЖК болып табылмайтын азаматтар – медициналық сақтандыру үшін 2 125 теңге (1 ЕТЖ-дан 5%) мөлшерінде жарналарды өз бетінше төлеуі қажет. «МӘМС туралы» ҚР Заңы бойынша, сақтандырылған мәртебесін алу үшін алдыңғы 12 ай үшін жарналарды төлеу қажет. 1 сәуірге сақтандырылған дербес төлеушілер саны 155,6 мың адамды құрайды.

БЖТ төлеушілер төлемді жалғастырмауына байланысты, 2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша БЖТ тұрақты төлеушілердің саны шамамен 200 мың адамды құрайды, ал шамамен 1,4 млн БЖТ төлеушілер сақтандырылмаған болып табылады, олар кем дегенде бір рет төлем жасаған.

БЖТ төлеушілер сақтандырылған мәртебесін 3 ай қатарынан төлегеннен кейін алатынын естеріңізге саламыз. БЖТ төлемі ерікті болып табылады. Салық кодексіне сәйкес, тауарларды сатудан немесе қызметтерді көрсетуден мезгіл бойынша кіріс алатын, бірақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген және жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбайтын азаматтар оны төлеуге құқылы.

Кейде БЖТ төлеушілер арасында жеңілдік санаттарының өкілдері де кездеседі. БЖТ бір рет төлегеннен кейін олар жеңілдік мәртебесін жоғалтады. Олармен жүйеге оралу бойынша жұмыс жеке жүргізіледі.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлғаның мәртебесі туралы сұрақтар туындаған кезде, жарналар мен аударымдарды төлеу кезінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бірыңғай байланыс орталығы 1406, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyryBot, Қордың fms.kz сайты ресми байланыс арналары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс орталығы – 1406

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button