МӘМС: Дәрігерге — үстемеақы, науқастардың ем-домы мен ПТР-тестілеуге — қаражат
Atr.kz/22 шілде, 2020 жыл. Медициналық сақтандыру қоры COVID-19 қарсы күреске қатысқан 53 мың медицина қызметкеріне үстеме ақы төлейді.
Қазақстанда COVID-19 қарсы күреске қатысқан 53 мың медицина қызметкеріне маусым айы үшін үстеме ақы төленуде.
Үстеме ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен Медициналық сақтандыру қорына 35,7 млрд теңге бөлінді. Қор қаржы операторы ретінде медицина қызметкерлерінің наурыздан маусым айы аралығында жалақысына қосымша 32 млрд астам теңге төледі.
Медициналық сақтандыру қоры қауіпті жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің саны ай сайын артып келе жатқанын хабарлады. Егер наурыз айында үстеме ақыны 19 мыңнан астам қызметкер алса, мамыр айында олардың саны 40 мың адамға дейін өсті. Енді ӘМСҚ маусым айына төлем жасайды.
Атырау облысы бойынша наурыз – маусым айлары ішінде 870, 56 млн. теңге төленген. Наурыз айында 857 медицина қызметкерлеріне төленсе, маусым айында – 2019 медицина қызметкеріне үстеме ақы төленген.
Коронавирус бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және көтермелеу үшін жалақыға үстеме ақы қарастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тәуекел топтар, алушылардың тізімін қалыптастыру тәртібі және төлемдер мөлшері анықталды. Тәуекел тобына байланысты медицина қызметкерлеріне 212 мың теңгеден (5 АЕК) 850 мың теңгеге дейін (20 АЕК) қосымша ақы берілді.
Естеріңізге сала кетейік, үстеме ақы алушылар тізімін жедел штаб жанынан құрылған өңірлік комиссия жасақтайды. Комиссия төрағасы әкімдердің орынбасарлары, сондай-ақ, оның құрамына Медициналық сақтандыру қоры филиалдарының қызметкерлері, өңірлік мемлекеттік бас санитарлық дәрігер, Денсаулық сақтау басқармаларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
Ал, Медициналық сақтандыру қоры тізім бойынша деректердің Денсаулық сақтау министрінің «COVID-19 коронавируспен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудағы кейбір мәселелер туралы» бұйрығына сәйкестігін тексереді.
Егер медициналық қызметкерлерінде үстеме ақыға қатысты сұрақтар туындаса, өңірлік комиссияға жүгінуі қажет.
Коронавируқа шалдыққан медицина қызметкерлеріне қосымша қаржыны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлік комиссия шешімі негізіндегі Денсаулық сақтау басқармаларының өтініші бойныша төлейді.
***
Медициналық сақтандыру қоры Атырау облысында COVID-19 және пневмонияға шалдыққан науқастар үшін 48 мың төсек-күнді қаржыландырды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеу үшін наурыз-маусым айлары аралығында Атырау облысының стационарларына 48 мың төсек-күнге 649, 815 млн. теңге төледі, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.
«Наурыз айымен салыстырғанда провизорлық және карантиндік төсек бойынша төсек-күннің жалпы саны – 282, ал маусымда инфекциялықпен – 12,838 мың төсек жүргізілген, яғни 12 есе өскен – деп атап өтті» Филиал директоры С.Құралбек.
Наурыз-маусым айларында карантиндік стационарларға 18,56 мың төсек-күнге, провизорлыққа – 5,9 мың төсек-күнге, инфекциялыққа – 19,6 мың төсек-күнге төленген.
Наурыз айымен салыстырғанда маусымда провизорлық стационарлардағы төсек-күндердің саны да елеулі түрде ұлғайды: наурызда 0,2 мыңнан маусым айында 3,3 мың төсек-күнге дейін. Төсек-күндерге пациенттің стационарда болған кезі, сырқатты диагностикалау мен емдеу енгізілген.
Енді Қор провизорлық стационарға 1 төсек-күн үшін 21,9 мыңнан астам теңге төлейді; тәулік бойы стационарға – 32,2 мыңнан астам теңге; науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін – 1 төсек-күн үшін 70 мың теңгеге жуық бөледі.
Медициналық сақтандыру қорында аталған қызметтерге тарифтің артуы Қор жеткізушілерінің санын көбейтуге, коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға және стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Атырау облысының 23 инфекциялық/провизорлық стационармен орындау/бірлесіп орындау шарттарын жасасты.
Осы жылдың 30 маусымынан бастап төсек саны 2 947-ден 3 935-ке дейін артты, 988 төсек (25,1%) қосылды. Төсек қорының 80% бос емес. Covid 19 емдеуге тартылған стационарлардағы орындарға күн сайын мониторинг жүргізіледі. Бұл көрсеткіш жергілікті атқарушы органдардың жұмысының индикаторы болып табылады. Өңірдегі кереует қорының 80 пайызы бос емес, резервтен қосымша кереует ашу бойынша шаралар қабылдануда.
Сонымен қатар, № 10 Клиникалық Хаттамаға, 2020 жылғы 4 шілдедегі № 104 басылымға сәйкес, аурудың асимптоматикалық және жеңіл түрі бар науқастарды тұрғылықты жері бойынша аумақтық емханалардың учаскелік дәрігерлері бақылайды.
Стационарлық емге Covid-19 шалдыққан орташа ауыр және ауыр жағдайдағы пациенттер ғана жатқызылады.
Сондай-ақ, амбулаториялық деңгейде медициналық көмекке қол жеткізу мақсатында емханалар жанында мобильді бригадалар құрылды, олар үйде медициналық қызметтер кешенін көрсетеді ( дәрігерді қарау, ем тағайындау, рецепт жазу, манипуляциялар жүргізу және т.б.). Сондай-ақ, үйде стационарлық қызмет ұйымдастыру да қарастырылған.
***
Атырау облысында ПТР зерттеулерге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 192 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Атырау облысына наурыз-маусым аралығында коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін 16 636 мың ПЦР-зерттеуге 191,3 млн. теңге қаржы бөлді.
ПЦР-тестілеу халыққа қолжетімді болу үшін Қор зертханасы бар 4 жеткізушімен келісім шарттар жасады. Олардың ішінен: 7 686 тестілер стационарларда және Бастапқы медициналық санитарлық көмек дәрігерлерінің жолдамасы бойынша 734 тест жүргізілді.
Атырау облысында медициналық алғашқы көмек ұйымдары жанындағы 77 мобильді бригада полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тестілеу жүргізу үшін СOVID-19 күдікті пациенттерден биологиялық материалдардың үлгілерін алады.
Медициналық сақтандыру қоры халықтың қай топтарында ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен ПЦР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар екенін еске салады.
Бірінші кезекте — инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер. Диагнозды растап, емдеу алгоритмін қолдану үшін олар шұғыл түрде тексерілуі керек. Келесі санат — провизорлық стационардағы COVID-ке күдікті пациенттер. Оларда белгілі бір симптомдар болады және диагноз қою керек. Содан кейін ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар емдеуші учаскелік дәрігердің жолдамасымен. Аталған топты тестілеу үшін Қор емханалармен, отбасылық амбулаториялармен, ал олар өз кезегінде зертханалармен шарт жасасты. Сондай-ақ, тестілеу карантин изоляторына жатқызылған вирустың симптомсыз тасымалдаушыларға да жасалады.
Бұдан басқа, жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер де ПТР-тест тапсырады, бұған жүкті әйелдер, шұғыл емге жатқызылатын пациенттер жатады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Атырау облысы бойынша филиалы