ЖаңалықтарЭкономика
Мал иелеріне бюджет есебінен өтемақы төленді
Өңірде бруцеллез індетінен өлген мал иелеріне ақшалай өтемақы төленді, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникация қызметі.
Бұл жөнінде Атырау облысы ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев
Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.
-Жануарлардан бруцеллез ауруын тексеру үшін 2020 жылы 1 100 593 қан сынамасы тапсырылды. Зерттеу нәтижелері бойынша бруцеллез ауруына оң нәтиже берген 1 782 ауыл шаруашылығы жануарларының барлығы санитариялық союдан өтіп, ауру мал иелеріне жергілікті бюджет есебінен өтемақы төленді, деді Азамат Айтқалиев.