Жарнама
Жаңалықтар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев ұжымға басқарманың басшысы Нұрбай Абдрахмановты таныстырды.

— Елімізде ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету бағыты бойынша бірқатар игі істер қолға алынуда. Мал басының тұқымын асылдандыру мақсатында өңірімізде бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Сол жұмысты жүйелі қолға алу – осы басқармаға жүктеліп отырған басты міндет, — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Ислямұлы.

Басқарманың жаңа басшысы Нұрбай Насихатұлы бұған дейін де осы салада  еңбек етіп келген болатын. Ол өз сөзінде Елбасының талабын, облыс әкімі тапсырмаларын орындауға құлшынысын білдіріп, «Қазақстан – 2050» стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, мал өнімдерінің экспортқа қабілеттілігін арттыруға бар күшін салатынына сендірді.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button