Атырау облысында шомылуға тыйым салынған 70 қауіпті учаске бар

ngngeshe Жаңалықтар

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп судағы қауіпсіздік бағытындағы профилактикалық жұмыстарды қарқынды түрде жүргізуде. Рейд барысында құтқарушылар тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, су айдындарында адамдардың қаза болу статистикасын жеткізіп, жадынамаларды таратуда.

«Атырауда шомылу маусымы әлі басталған жоқ. Алайда оқыс оқиғалар тіркеліп үлгерді, жыл басынан бері 2 адам (біреуі балық аулау кезінде, екіншісі жабдықталмаған жерде шомылу кезінде). Бұдан басқа, ПД құзыретіне енетін су айдындарында қайғылы жағдайлар да бар.

Атырау облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 70 қауіпті учаске анықталып отыр (Атырау қаласы – 17, Индер қаласы – 10, Махамбет ауданы – 19, Құрманғазы ауданы – 2, Жылыой ауданы – 7, Қызылқоға ауданы – 15), аталған жерлерде 238 тыйым салу белгісі және 9 ақпараттық стенд орнатылған», – деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Статистикаға сәйкес, судағы жазатайым оқиғалардың 95 пайызы мас күйінде шомылу, өз күштерін дұрыс бағаламау, денсаулықтың күрт нашарлауы мен аяқ-қолдардың құрысуына байланысты туындап отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз