Жарнама
Жаңалықтар

Махамбеттіктер жұдырықтай жұмылды

Махамбет ауданы тұсындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі тәулік сайын көтерілуде. Соған сәйкес ауылдарды өр суынан қорғау мақсатында жағада бөгеттер бекітіліп, дамбылар соғылуда. Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев су тасқынына қарсы құрылған жедел штабпен жиын өткізіп, қазір жағдайды қатаң бақылауда ұстау керектігін тапсырды. 

Сонымен қатар бүгінде облыстан қосымша техникалар сұратылуда. Әр ауылдық округтен сағат сайын ақпарат алынып, ауыл тұрғындары, еріктілер, белсенділер бөгет соғып, қапшыққа құм толтырып жатыр.

Аудан орталығы Махамбет ауылының жан-жағын қоршап, дамбы соғу жұмыстарын түнгі мезгілде де тоқтатқан жоқ. Сын сағатта жұмыла білген тұрғындар топ-топқа бөлініп, жұмысты еселеп арттырды. Тасқынға – тосқауыл қоюда дәл осылай жұдырықтай жұмылу басқа да өңірлерге үлгі болса игі.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button