Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Махамбетте Жайық өзені бойынан жағалау демалыс орны салынады

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Махамбет ауданындағы жаға бекіту жұмыстарымен танысты – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алдағы уақытта аудан тұрғындары үшін, ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын жағалау-демалыс орны пайдалануға беріледі. Әзірге, бұл аумақта жаға бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Содан соң, белгіленген жағалау аймағы құрылыс алаңына айналады. Қазірдің өзінде қажетті техникалармен жұмылдырылған.
Ары қарай, облыс әкімі ауданға сапары аясында Сарытоғай ауылының жол-құрылыс жобасымен танысты. Мұнда, ауылішілік ұзындығы 10 шақырымды құрайтын жаңа жол салынады. Мердігер мекеме басшысының айтуынша, жоба аясында биыл жолдың 5 шақырымы төселсе, қалған 5 шақырымы келер жылы аяқталады.
Аймақ басшысы егін шаруашылығы екпін алған ауданның шаруа қожалығынан айналып өтпеді. 2016 жылы құрылған «Дебдиева.З» қожалығы тамшылатып суару технологиясын қолдана отырып, көкөніс, бақша, картоп дақылдарын егіп өсірумен айналысады. Мұндағы жалпы егіс көлемі – 90 гектар.

  • Егістіктен алынатын өнім көлемі жақсы. Қожалықта жалпы 34 жұмысшы бар. Орташа жалақы мөлшері 100 мың теңге – деді, «Дебдиева.З» ШҚ басшысы М.Магомедов.
    Облыс әкімі іс-сапар барысында әр атқарылған жұмыстарға тиісті баға беріп, міндеттер жүктеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button