Жарнама
Жаңалықтар

Махамбетте үйінің ауласына есірткі өсірген тұрғын анықталды

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Махамбет аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері  заңсыз есірткі еккен күдіктіні ұстады. Анықталғандай, 54 жастағы ер адам өз ауласында құрамында есірткісі бар көкнәр өсімдік түптерін заңсыз егумен айналысып келген.​

-Сараптама қорытындысына сәйкес құрамында есірткісі бар шөптің жалпы салмағы 473,51 граммнан асты, ал кептірілген көкнәрдің салмағы 60,15 гр-ға жуықтады-деді, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Қазір ауласында есірткі өсірген үй иесіне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен және 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button