Жарнама
Жаңалықтар

Махамбетте биік бөгет бой көтерді

Махамбет ауданында су тасқынына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде суреттердегідей биік бөгет тұрғызылды.

Ауыл адамдары мен әскери қызметшілер күндіз-түні жұмыс жасап, қап толтырды, бөгет соқты.

Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, Махамбет ауылында жүріп жатқан су тасқынына қарсы бөгет соғу жұмыстары ұдайы бақылауда. Елдің ауызында “Беққали талы” деп аталатын Жайық өзенінің Махамбет ауылы тұсындағы көпірінен бастап Нұрмұхан Жантөрин көшесіне дейінгі аумақта атқарылып жатқан жұмыстарды айрықша атап өту керек.

-Бөгет салуда аянбай еңбек етіп жатқан ауыл тұрғындарының өтініші мен пікірі де назардан тыс қалып жатқан жоқ. Соған сәйкес жауапты тұлғаларға бөгетті бекіту жұмыстары бойынша қосымша тапсырмалар берілді. Оның орындалысы да әкімдіктің бақылауында болады, — деді Қ.Нұрлыбаев.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button