
Жаңалықтар
Махамбетте 100-ге жуық шырша көшеттері отырғызылды
Махамбет ауданында жаңадан ашылған өрт сөндіру бөлімінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы және жеке құрамы “Таза Қазақстан” акциясы аясында 100-ге жуық шырша көшетін отырғызып, жаңа жасыл аймақ құрды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құтқарушылар адам өмірін құтқару жолында аянбай еңбек етіп қана қоймай, табиғатты қорғауға ықпал ететін осындай іс-шараларға белсене қатысады.
Айта кетейік, шырша көшеттері Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің атынан Атырау облысының сала қызметкерлеріне арнайы берілген болатын.