Атырауда коронавируспен күреске 2 мыңнан аса медицина қызметкері жұмылдырылған
Atr.kz/25 шілде, 2020 жыл. Бұдан бөлек, өңірде қазіргі уақытта 278 медицина қызметкері тапшы, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Қазіргі уақытта облыстағы дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесі шешімін табуда. Ол үшін ішкі ресурстарды пайдалану туралы шешім қабылданып, медицина факультетінде оқитын жоғары курс студенттері пандемиямен күреске тартылды.
Өткен демалыс күндері Атырау облысына Батыс Қазақстан медицина университетінің 32 түлегі, еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында оқып жатқан атыраулық 102 интерн мен резидент келді. Қалған 70 дәрігер бір айдың ішінде келеді деп күтілуде.
Айта кетейік, бұған дейін өңірімізге Ақтөбе облысынан 8 дәрігер, Ресей Федерациясынан 11 дәрігер, оның ішінде Астрахан облысынан 5 дәрігер келген еді. Бүгінде олар облыстағы медициналық мекемелерде қызмет атқаруда.