МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛЫБРИТАНИЯ КОРОЛЬДІГІНІҢ ЕЛШІСІ КЭТРИН ЛИЧТІ ҚАБЫЛДАДЫ

whatsapp image 2021 12 08 at 11.36.49 Жаңалықтар

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Қазақстандағы Ұлыбритания Корольдігінің Елшісі Кэтрин Джейн Личті қабылдады»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

whatsapp image 2021 12 08 at 11.36.58


Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов елшіге Қазақстанның ең дамыған индустриялық өңірлердің бірі саналатын аймақтың әлеуеті туралы айтып берді. Мұнда тек облыс қана емес, жалпы республика экономикасының қарқынды өсуін үздіксіз қамтамасыз ететін шетелдік және отандық капитал салымдары шоғырланған. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін облыстың инвестициялық мүмкіндіктері және бірлескен кәсіпорындар ашу үшін жасалатын жағдайлар туралы хабардар етті.

whatsapp image 2021 12 08 at 11.36.52


Өз кезегінде Кэтрин Личт Атырау өңірі кәсіпорындар ашуға өте қолайлы аймақ екенін, сол себептен Қазақстан-Ұлыбритания ынтымақтастығын одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.
Сонымен қатар, кездесуде екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуға Ұлыбританияның Атырау қаласындағы сауда-инвестициялық өкілдігі де оң ықпал етуде екендігі айтылды. Бүгінде өкілдік негізінен мұнай-газ саласында 80-нен астам британдық және бірлескен компаниялардың ашылуына жәрдем көрсеткен.
Статистика деректеріне сәйкес, биыл он айда Атырау облысының Ұлыбританиямен сыртқы сауда айналымы 99,5 млн. АҚШ долларын құраған.

whatsapp image 2021 12 08 at 11.37.00


Айта кетейік, қазіргі кезде Атырау облысында британдық капиталдың қатысуымен мұнай-газ саласында 60 кәсіпорын тіркелген. Ал, шикі мұнай мен табиғи газ өндіретін 22 кәсіпорын бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз