Жарнама
Жаңалықтар

Махамбет Досмұхамбетов: Біздің табысымыз – Ассамблеяның барлық мүшелерінің жұмысының жемісі

    Atr.kz/18 желтоқсан, 2019 жыл.    Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының  XXIII сессиясы өтті. 25 жылдық мерейтой қарсаңында болған сессияда биылғы атқарылған жұмыстар қорытындыланды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

       Сессия жұмысына Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты.

Аймақ басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы 2020 жылы ширек ғасырлық мерейтойын атап өтетін айтты. Ассамблея еліміздегі барлық ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіріп, тәуелсіз еліміздің дамуына зор үлес қосып келеді.

    — Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің халықтық игілігіміз — қазақстандық табыстың маңызды үш кілтін анықтап берді. Біріншісі – тіліне, дініне бөлінбестен, барлық қазақстандықтардың бірлігі. Екіншісі – барлығымызға және әрқайсымызға тән тағаттылық. Этностық және діни айырмашылықты байыппен түсіну және құрметпен қабылдау. Үшінші – тарихи тағдырымыздың ортақтығы,-деді Махамбет Досмұхамбетов.

Ассамблея жұмысы этникалық мәселелер шеңберінен шықты. Қазір басты назарда тұрақтылық пен дамуды қолдауға барлық қоғамдық күштерді біріктіру, азаматтарды, азаматтық қоғам, ғылым мен мәдениет институттарын тарту мәселесі тұр. 

      Облыста қоғамдық келісім, аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар штабы, ғылыми-сараптама тобы, журналистер клубы табысты жұмыс істеуде. Этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары облыс Ассамблеясын республикалық, халықаралық шараларда лайықты көрсетіп жүр.

    — Келер жылы елімізде бірқатар маңызды шаралар аталып өтеді – ғалым, философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, ұлы Абайдың 175 жылдығы, Ата Заңның, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы. Атыраулықтар еліміздегі осы маңызды шараларға белсенділікпен қатысады деген сенімдемін, — деді Махамбет Досмұхамбетов.

      Облыс әкімі біздің табысымыз Ассамблеяның барлық мүшелерінің бірлесе атқарған жұмыстарының жемісі екенін атап өтті. Сессия барысында Ассамблеяның қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтуға үлес қосып жүрген белсенді мүшелері марапатталды.

     Шара облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері өнер көрсеткен концертпен аяқталды.

whatsapp image 2019 12 19 at 16.09.42
whatsapp image 2019 12 19 at 16.09.43
whatsapp image 2019 12 19 at 16.09.45

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button