Жарнама
Жаңалықтар

Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласы әкіміне апатты тұрғын үй иелерін көшіруді жеделдетуді тапсырды

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевқа онлайн есеп соңында күрделі мәселелерді шешу бағытында бірқатар тапсырма берді»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

Өңір басшысы қаладағы жұмыспен қамту бойынша көрсеткіштің алдыңғы жылмен салыстырғанда 401 бірлікке төмендеп кеткеніне тоқталды. Осыған байланысты халықты жұмыспен қамтуды  облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесе отырып реттеуді тапсырды.

«Атырау қаласында кәріздік су тазарту имараттарының болмауы экологияға теріс әсерін тигізуде. Бұл мәселе қала халқын көптен бері толғандырып жүрген өзекті проблемалардың бірі. Осы орайда, жеделдетіп Атырау қаласының сол жақ жағалауындағы кәріздік су тазарту имаратын іске қосуды, сонымен қатар, Атырау қаласының  оң жақ жағалауындағы кәріздік су тазарту имаратын жаңғыртуды тез арада бастау керек»,-деді Махамбет Досмұхамбетов.

img 20210212 wa0070
Фото: Расул СЕРІКОВ

Сондай-ақ, аймақ басшысы қалада көпқабатты және жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін бөлінген жерлерге инженерлік-инфрақұрылым  жүргізу жұмыстарының қарқынын жоғарылату қажеттігін ескертті. Және қазіргі таңда қалада 67 апатты жағдайдағы тұрғын үй тіркелгенін, өткен жылы апатты 5 тұрғын үй және 8 жатақхананың тұрғындары жаңа баспанаға көшірілгенін айта келіп, осы тұрғыда аталған жұмыстарды биыл да жалғастыруды міндеттеді.

«Тағы бір мәселе – облыс бойынша 4 апатты жағдайдағы мектеп болса, оның 1-і Атырау қаласында орналасқан. Сонымен бірге, облыстағы 11 үш аусымды мектептердің барлығы қалада. Осыған орай, облыстық Білім беру, Құрылыс, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларымен бірлесе отырып, апатты және үш ауысымды мектептерді жою бағытындағы жұмыстарды қолға алуды тапсырамын»,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Және білім беру саласында 245, денсаулық сақтау саласында 77 маман жетіспейтіндігін, осы мәселені шешу бағытында құзырлы органдармен бірлесе отырып, қажетті мамандарды жұмысқа тарту шараларын ұйымдастыруды және Атырау қаласының орталық көпірін қайта жаңғырту жұмыстарын жеделдеп бастауды тапсырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button