
Жаңалықтар
Махамбет Досмұхамбетов әлемдік олимпиадада топ жарған атыраулық оқушыларға алғыс айтты (+ ВИДЕО)
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов әлемдік олимпиада жүлдегерлерін қабылдады.
Айбек Мырзатаев Халықаралық Математика Олимпиадасында әлемнің 107 мемлекетінен қатысқан 600-ден аса оқушының арасынан алтын жүлдені иемденді.
Қос жүлдегердің бірі — Ризабек Алпамыс Литваның бас қаласында өткен 51-ші Халықаралық Физика олимпиадасында топ жарып, күміс медальді жеңіп алды.
Облыс әкімі әлемдік додада топ жарған оқушылар мен олардың ұстаздарына, ата-аналарына ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар мен әр түрлі сыйлықтар табыс етті.