Жарнама
Жаңалықтар

Махамбет ауданында жаңа электр желісі мен көше жарығының құрылысы басталды

Махамбет ауылындағы Мерей мөлтек ауданы мен Жалғансай ауылындағы Жаңа мөлтек ауданға электр желісі мен көше жарығының құрылысы басталды. Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғалиевтің айтуынша, жобаның құны 3,5 млрд тг. Жұмыстарды  атқаратын Мердігер мекеме «Гранд Мастер» ЖШС. Тапсырыс беруші аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Жоба бойынша жаңа қосалқы станция құрылысы, жоғарғы кернеулі 110 кВт қуат алатын электр желісі және 10 кВт қуат беретін желісі қамтылған. Аталған желінің жалпы ұзындығы 137,5 шақырым болса, оның ішінде Жалғансай бойынша 11,5 шақырым, Мерей мөлтек ауданы бойынша 63 шақырым.

-Көшені жарықтандыруға кететін электр энергиясы үшін жыл сайын округтің 4 млн. 650 мың теңге, ал күтіп ұстау үшін 500 мың теңге қаражаты жұмсалады. Алайда, осы орнатылған көше жарық шамдарының барлығы бірдей тұрақты жанып тұрады деп айтуға тағы болмайды. Өйткені, электр шамдары жиі істен шығады. Ай сайын шамамен 5 шам, кейде одан да көп ауыстырылады. Электр қуатын үнемдеу және жарық шамдарын тиімді пайдалану үшін алға қарай көше жарығын светодиодты шамдарға ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жаңа мөлтек ауданға электр желілері мен көше жарығы құрылысы басталып жатыр. Бұл да мемлекеттің халық үніне құлақ асып отырғанының бір көрінісі,- деді Жалғансай ауылдық округінің әкімі Ғибрат Мырзағали.

Айта кетейік, екі мөлтек ауданда басталған құрылыстың аяқталу мерзімі 8 ай.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button